Дзюдошы Кәмила Берліқаш Әбу-Дабиде Grand Slam турнирінің финалына шықты
17:42, 26 Қазан 2023
Қазақстандық дзюдошы Кәмила Берліқаш Әбу-Дабиде (БАӘ) өтіп жатқан Grand Slam турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Kazinform.
Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Кәмила Берліқаш 78 келіден астам салмақта жартылай финалда италиялық Эрика Симонеттимен татамиге шықты.
Италиялық дзюдошы үш ескерту алғандықтан, жеңіс қазақстандық спортшыға берілді.
К.Берліқаш алтын жүлде үшін португалиялық Нунес Рочелемен таласады.
Финалдық бәсекелер Астана уақытымен сағат 19.00-де басталады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Әбу-Дабиде өтетін Grand Slam турниріне Қазақстанның толық құрамда қатысатынын жазған болатынбыз.