Отандасымыз 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында молдовалық Вадим Гимбовскимен алтын медаль үшін белдесті.
Шешуші белдесу 1:0 есебімен Байқамуровтың жеңісімен аяқталды.
Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында екі алтын медаль бар. Бұдан бұрын Жалғас Қайролла (81 келіге дейін) жеңімпаз атанған еді.
Еске сала кетейік, бұған дейін Астанадағы Grand Slam турнирінде Камила Берліқаш пен Марат Байқамуровтың финалға шыққанын хабарлағанбыз.