Дзюдошы Нұрлыхан Шархан Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

Фото: Фото: Olympic.kz

Қазақстандық дзюдошы Нұрлыхан Шархан Ханчжоуда өтіп жатқан 2022 жылғы Азия ойындарында қола медаль олжалады. ҚазАқпарат бұл туралы Халықаралық олимпиада комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үшінші орынға таласқан Шархан Оңтүстік Корея өкілі Йон Хун Воннан басым түсті.

Қазақстан қоржынында әзірге сегіз медаль бар екенін айта кетейік.

Бұған дейін дзюдошы Әбиба Әбужақынова мен оқ ату командасы екінші орын иеленді. Дзюдошылар Мағжан Шамшадин, Абылайхан Жұбаназар, Эсмигүл Куюлова, мерген – Никита Чирюкин, пневматикалық винтовкадан оқ ату бойынша Александра Ле мен Ислам Сатпаев қола жүлдені қанжығасына байлады.