Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия пара ойындарында дзюдошы Зарина Райфова күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Kazinform.
Зарина J2 санаты бойынша 70 келіге дейінгі салмақта финалдық белдесуде әлем чемпионы, алаң қожайыны Хуньюй Ванмен белдесіп, 0:10 есебімен есе жіберді.
Зарина А тобындағы бірінші кездесуінде Азия пара ойындарының екі мәрте қола жүлдегері, жапониялық Ацуми Нисимурадан 10:0 есебімен айласын асырған еді.
Осылайша, Қазақстан қоржынына жетінші күміс медаль түсті.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын параспортшы Нұрдәулет Жұмағалидың Қазақстанға бесінші алтынды салғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).