РИО-ДЕ-ЖАНЕЙРО. ҚазАқпарат - Рио-де-Жанейро қаласында өтіп жатқан ХХХІ Олимпиада ойындарында 48 келіде өнер көрсеткен қазақстандық дзюдошы Галбадрах Отгонцэцэг қола жүлдегер атанды.
Ол үшінші орын үшін күресте кубалық Местре Альваресті иппон әдісімен жеңіп, Қазақстан қоржынына алғашқы медальді салды.
Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық дзюдошы Галбадрах Отгонцэцэг екінші белдесуінде Ами Кондодан айласын асыра алмаған болатын. Осылайша ол бас жүлде үшін таласқа түсу мүмкіндігінен айырылып қалған еді. Ал бірінші айналымда Отгонцэцэг Гвинея-бисаулық Тасиана Лиманы айқын басымдықпен ұтты.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.