Дзюдошы Ислам Бозбаев Того өкілін жеңіп, алтынға бір табан жақындады

None
АСТАНА. 31 шілде. ҚазАқпарат - 21 жастағы қазақстандық дзюдошы Ислам Бозбаев олимпиадалық жарыстың екінші айналымын жеңіспен аяқтады.

81 келі салмақта өнер көрсететін қазақстандық палуан Того елінің дзюдошысы Сачо Денаньонды 1 минут ішінде екі рет вазари әдісімен таза ұтты. Оның келесі қарсыласы 32 жастағы Германия өрені Оле Бишоф атанып отыр.

Еске салайық, бірінші айналымда отандасымыз украиндық спортшы Артем Василенконың жауырынын жер иіскеткен болатын.