Дзюдошы Мағжан Шамшадин Grand Slam турнирінде жеңімпаз атанды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Мағжан Шамшадин Загребте (Хорватия) дзюдодан өтіп жатқан Grand Slam турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық дзюдошы 60 келіге дейінгі салмақта үздік шықты.

М.Шамшадин жартылай финалда франциялық Максим Мерлиннен басым түсті.

Финалда кореялық Вон Джин Киммен татамиге шықты. Тартысты өткен белдесу барысында кореялық спортшы үшінші ескерту алып, жеңіс Мағжанға берілді.

Елдос Сметов 66 келіге дейінгі салмақта жұбаныш белдесуінде нидерландылық Иво Верхорстертке есе жіберіп, жарысты жетінші орынмен аяқтады.

Хорватиядағы Grand Slam жарысы 17 шілдеде мәресіне жетеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық спортшылардың парадзюдодан Гран-при жарысында жеңіске жеткенін жазған болатынбыз.


Фото: olympic.kz