Дзюдошыларымыз бір күнде 1 алтын, 1 күміс, 4 қола медаль жеңіп алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияның Анталия қаласында жасөспірімдер арасындағы Еуропа Кубогының алғашкы күні жерлестеріміз 1 алтын, 1 күміс, 4 қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алтынды 60 келі салмақта ел намысын қорғаған отандасымыз Нұрзат Салімбаев жеңіп алса, күміс жүлде 52 келі салмақта сынға түскен Меруерт Сарсеноваға бұйырды.

Ал төрт қола медальды 50 келіде өнер көрсеткен Ерлан Уналов пен Ерхан Ғаббасов, 66 келіде сынға түскен Дастан Шаяхметов және қыздар арасында 40 келіде бақ сынаған Сара Күлім жеңіп алды.