«Адвокатура қызметін оңтайландыру мен заңгерлік көмекті дер кезінде жасау мақсатында адвокатура қызметіне ақпараттық технологияларды енгізу ұсынылуда. Онда «Е-адвокатура» атты бірыңғай ақпараттық жүйені енгізу ескерілген. Оның мүмкіндіктері статистикалық есептерді, кепілді мемлекеттік заң көмегі бойынша адвокаттар тізімін қалыптастыру кезінде, сондай-ақ онлайн-кезекшілікті ұйымдастыру барысында пайдаланылмақ», - деді министрдің орынбасары.
Бұдан бөлек ол тағы бір жаңашылдық адвокаттық ордерді қысқартуға қатысты екенін атап өтті. Қолданыстағы заңнама адвокаттың ордерді нақты істі жүргізуде қорғаушының өкілеттігін растайтын құжат ретінде мойындайды. Тәжірибе жүзінде бұл құжаттың тиімсіздігі мен ескіргені байқалып отыр.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Жанат Ешмағамбетов Қазақстанда заңгерлік көмек үшін төлемнің тарифтік кестесі әзірленуі мүмкін екенін айтты.