Оның айтуынша, жақын арада «Ана туралы аңыз» атты әскери драма шығады. Оны Қазақстан және Ресейдің киногерлері бірлесіп түсірген. Фильмнің режиссері - Ақан Сатаев. Көрнекті тарихшы-ғалым Ермұхан Бекмахановтың трагедиялық тағдырға толы өмірі жайлы «Аманат» фильмін режиссер Сатыбалды Нарымбетов қолға алып жатыр. Сондай-ақ қазақтың ұлы ақыны Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылық жолына арналған туынды түсірілмек.
17:59, 23 Тамыз 2013
Е.Аманшаев «Қазақфильмнің» жаңа жобаларын жариялады
АСТАНА. 23 тамыз. ҚазАқпарат - Жақын арада режиссер А.Сатаевтың жаңа туындысы көрермен қауымға жол тарпақ. Бұл туралы Астанада өткен жиындардың бірінде Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ президенті Ермек Аманшаев мәлім етті.