Оның атап өтуінше, экономикалық саясатты үйлестіру, болжамды схеманы жасау мен өзектендіруге бағытталған жұмыс ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне, ал оны іске асыру мен бақылау Өңірлік даму министрлігіне жүктелмек.
«Өңірлік даму министрлігіне аймақаралық келісімділікті қамтамасыз ету мақсатында жобаларды Индустрияландыру картасын талқылау мен келісім жасауға толық құқық беру ұсынылуда. Аталған ұсыныстар ертең Үкімет отырысында талқыланады», - деді Е.Досаев.
Естеріңізге сала кетейік, 11 қазанда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі мен Өңірлік даму министрлігі арасындағы өкілеттілікті нақты бөлуді тапсырған болатын.