Е. Ертісбаев ҚФФ департаментінің директоры болған жоқ
10:29, 13 Қараша 2012
АСТАНА. 13 қараша. ҚазАқпарат - ҚР Президентінің кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаев ҚФФ-ның Қоғаммен байланыс жөніндегі департаменті жұмысына қоғамдық негізде жетекшілік ететін болады.
Ал бұған дейін ол Қазақстан футбол федерациясының осы құрылымын басқарады деп хабарланған болатын.
Бұл туралы ҚФФ-ның осы департаменті басшысы Измаил Бзаров хабарлады, деп жазды Vesti.kz .
«Келесі жылы қоғаммен байланыс жөніндегі департаменттің жұмысын күшейту жоспарлануда. Ермұхамет Ертісбаев қоғамдық негізде ҚФФ-ның БАҚ-тармен жұмысына жетекшілік ететін болады.Бұндай бастамамен ол жуырда өткен федерацияның атқарушы комитетінде сөз сөйледі, ол бірауыздан мақұлданды», - деді И. Бзаров.
Естеріңізге сала кетейік, Е. Ертісбаев қоғамдық негізде ҚФФ атқарушы комитетінің мүшесі болып табылады. Сонымен қатар ол ҚР Президентінің кеңесшісі болып қала береді.