Ведомствоның атап өтуінше, ағымдағы жылдың 27 қазанына «e-gov» порталында 95 933 қолданушы тіркелген. бұл көрсеткіш 27 қыркүйекте 77 918 қолданушыны құраған болатын. Жалпы бүгінгі күні 759 450 электронды цифрлық қолтаңба берілген. Сонымен қатар портал арқылы берілген электронды анықтама саны 8 440 763-ке жетіп отыр.
«Е-gov» порталында жеке тұлғаның жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтары туралы, жеке тұлғаның жылжымайтын мүлігінің жоқтығы (бар болуы) туралы, салымшы қаражатының түскендігі және қозғалысы туралы анықтамалар және әлеуметтік жеке код туралы куәліктің төлнұсқасын беру зор сұранысқа ие болып отыр.