Қытайдың сыртқы саясат ведомствосы басшысы Қазақстанның өткен жылы Астанада ШЫҰ саммитін сәтті өткізгендігімен құттықтады.
«Бүгінгі мәжілісте әріптестерімізбен бірге алдағы уақытқа жоспарланған бейжіңдік саммитке дайындықты лайықты өткізетінімізге сенімдімін», - деді Ян Цзечи.
ҚХР СІМ-нің басшысы екіжақты қарым-қатынасқа байланысты оның қарқынды дамып келе жатқандығын атап өтті. «Екіжақты қарым-қатынас, халықаралық және өңірлік өлшемдер мәселесі туралы пікір алмасуға дайынмын», - деді ол.
Өз кезегінде Ержан Қазыханов қытай тарапын ШЫҰ-ға сәтті төрағалық етуімен құттықтады.
Жоғары деңгейдегі кездесудің жақсы қарқындылығы аталып өтілді, тек өткен жылы ғана біздің мемлекеттеріміздің басшылары бірнеше рет кездескен болатын. «Қарым-қатынастың қарқынды дамуының дәлелі ретінде мемлекеттеріміздің арасындағы сауда айналымы 25 млрд. долларға жеткендігін келтіруге болады», - деді ол.