Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.
«Көптеген адамның өмірін қиған Луганск облысындағы «Суходольская-Восточная» шахтасындағы қайғылы жағдай туралы ақпаратты қинала отыра естідім, делінген жеделхат мәтінінде. - Осы қаралы күнде біз қайғыға ортақтасып, қаза тапқандардың туған-туысқандары, отбасылары мен жақындарына көңіл айтамыз».
Естеріңізге сала кетейік, жұма, 29 шілде күні сағат 2:00 шамасында «Суходольская-Восточная» шахтасының жерасты жолында жарылыс болып, нәтижесінде 16 кенші қаза болды, үш кенші түрлі деңгейдегі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды. Тағы 10 кеншінің тағдыры әзірге белгісіз.