Е.Қазыхановты Сыртқы істер министрі етіп тағайындау туралы Жарлыққа қол қойылды

АСТАНА. 11 сәуір. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Е.Х. Қазыхановты Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі қызметіне тағайындау туралы» Жарлыққа қол қойды.

Ержан Хозеұлы Қазыханов Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі болып тағайындалсын.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев

Астана, Ақорда, 2011 жылғы 11 сәуір

№ 10