Бұл жайында министр бүгін Астанада Сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары деңгейінде Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияны әзірлеу жөніндегі арнайы жұмыс тобының 30-отырысында айтты.
«Бакудегі Үшінші Каспий саммиті келіссөздер арқылы жақын арада реттеуге келмейтін қайшылықтар теңіз жағалауы елдері арасында жоқ екенін байқатты. Қазіргі кезде бірыңғай ұстанымды әзірлеу мүмкін екенін, сондай-ақ жақын арада Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияға қол қойылуы айтарлықтай шынайы екендігін сеніммен айтуға болады»,-деп атап өтті министр.
Осы орайда ведомство басшысы теңіз жағалауы елдері арасында өзара іс-қимылдың ұзақ мерзімді әрі құқықтық мығым іргетасын қалау тұрғысындағы маңызды міндеті тұрғанын, оның ішінде басты элементтердің бірі - теңіз айдынының делимитациясы мәселесі екенін жеткізді.