«30 қарашада Жиддада (Сауд Арабиясы Корольдігі) Ислам ынтымақтастығы Ұйымының штаб-пәтерінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Ержан Қазыхановтың төрағалығымен министрлік деңгейіндегі Ислам ынтымақтастығы Ұйымы Атқарушы комитетінің кеңейтілген отырысы өтеді. Отырыс барысында Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкадағы ахуал талқыланады деп күтілуде», - деді ол.
18:12, 28 Қараша 2011
Е.Қазыхановтың төрағалығымен өтетін халықаралық жиында Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкадағы ахуал талқыланбақ
ТАНА. 28 қараша. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Е.Қазыхановтың төрағалығымен өтетін халықаралық жиында Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкадағы ахуал талқыланбақ. Бұл туралы бүгін апталық брифингте ҚР СІМ ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.