Үшінші айналымда Евгений 7:6, 6;4 есебімен украиналық Илья Марченконы жеңді.
Енді жартылай финалға шығу құқығы үшін Евгений Королев нидерландылық Тьемо Де Баккермен күш сынасады. Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығының (АТР) тізімінде нидерландылық спортшы 53-ші орында болса, Е. Королев - 73-ші орында.
АҚШ-та өтіп жатқан турнирдің жүлделік қоры - 600 мың доллар. Турнирдің ақтық кездесуі тамыздың 27-сінде өтеді.