Ермек Мақашев 26 жаста, мемлекеттік басқарудың магистрі, журналистика магистрі. Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясын, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын тәмамдады. «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ресейдің Халықтар достастығы университетінде оқыды. Мемлекеттік емес секторда 10 жылдық жұмыс тәжірибесі бар. Әртүрлі уақытта республикалық жастар ұйымдарында, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-да жұмыс істеді. 2008 жылы Қазақстанның студенттер альянсы қозғалысының көшбасшысы болды. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ журналистика және саясаттану факультетінде оқытушылық қызметпен айналысты. 2013 жылдан бастап - «Болашақ» Қауымдастығы атқарушы директорының орынбасары. «Болашақ» Қауымдастығы - «Болашақ бағдарламасының стипендиаттарын, түлектерін және еліміздің тұрақты дамуын және «Қазақстан 2050» стратегиясын іске асырылуын қамтамасыз ету үшін Қазақстанның белсенді жастарын біріктіретін жетекші қоғамдық ұйымдардың бірі.