«Бүгінде «e-learning» әлем бойынша білім берудің ажырамас бөлігіне айналды. Сондықтан біз осы бағытты ары қарай дамытатын боламыз. Иә, қазір оны біреу мақтап жатса, екіншісі жамандап жатыр. Бірақ оның үлкен бизнес екенін ұмытпау қажет. Себебі бұл жұмысқа көптеген компаниялар тартылды. Олар өз мүддесін көздейді. Мәселен, керітартпа пікірді қалыптастырып отырған сол компаниялардың өздері болуы әбден мүмкін. Өйткені олар тиісті жұмысты бастады. Енді, өз кемшіліктерін жойғысы келмей отыр. Сондықтан осы мәселе бойынша Білім және ғылым министрлігі Парламентте, сондай-ақ халық ішінде қоғамдық тыңдауларды өткізіп, «e-learning»-ті дамытудың басты бағыттарын жан-жақты түсіндіріп беруі тиіс», - деп атап көрсетті Е.Орынбаев.
Айта кетейік, Қазақстанда «e-learning» жүйесін орнатып жатқан компаниялар көптеген кемшіліктерге жол берген. Атап айтқанда, көптеген елді мекендерде тиісті құрал-жабдықтар орнатылмады. Ал ондай техника бар мектептерде электронды оқыту жүйесі дұрыс істемейді. Осыған байланысты, ҚР Білім және ғылым министрлігі 15 млрд. теңгенің 5 млрд.-ын алдын ала төлем ретінде берген болатын. Бүгінде министр А.Сәрінжіпов тиісті кемшіліктер жойылмайынша, қалған 10 млрд. теңге берілмейді деп отыр.