Э.Суханбердиева: Бiлiм - әлемдiк, тәрбие - ұлттық деңгейде болу керек

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бәсекеге қабiлеттi бiлiмi бар түлек оқытып шығу үшiн әрбiр ұстаз үздiксiз iзденiсте болуы керек. Бүгiн елордадағы бiлiм беру қызметкерлерiнiң тамыз кеңесiн аша отырып, Астана қалалық бiлiм басқармасының жетекшiсi Эльмира Суханбердиева осылай деді.

Биылғы кеңестiң тақырыбы - «Бiлiм берудiң мазмұнын жаңарту: болашаққа бағыттау». Жыл сайын жаңа оқу жылының қарсаңында өткендi саралап, алға жоспар құратын тамыз кеңесiнде жиналып отырмыз. Мемлекетiмiз қашан да бiлiм мен тәрбие беру iсiне ерекше мән берiп келедi. Осы сөзiмiзге дәлел - Елбасымыз белгiлеген «100 нақты қадам» бағдарламасы. Аталған Ұлт жоспарының әрбiр жолының мазмұнында бiздiң ел жасампаз болады деген тарихи үндеу айқын көрiнедi. Олай болса, бiлiм беру жүйесi жаңарады. Яғни, бiлiм - әлемдiк, тәрбие - ұлттық деңгейде болу керек. Бұл мақсатта ұстаздарға артылатын жүк қомақты екенi сөзсiз. Ұстаздар қауымына осындай үлкен жауапкершiлiк жүктелгеннен кейiн әрқашан да iзденiс үстiнде болуы керек»,-дейдi Э.Суханбердиева.

Бiлiм басқармасының басшысы атап өткендей, заманымызға сай, жаңа технологияларды меңгерiп, оны әрi қарай дамыту үшiн әрбiр ұстаз өз үлесiн қоса бiлуi керек.