«Цеснабанк» АҚ Директорлар Кеңесінің Төрағасы Дәурен Жақсыбек Басқарма құрылымындағы өзгерістерге қатысты пікірін былай білдірді: «Өкінішке орай, Якупбаев Рустам Қуатұлының отбасылық жағдайы Банктегі кадрлық өзгертулерге себеп болып отыр. Мен Рустам Қуатұлының кәсіби біліктілігін өте жоғары бағалаймын, Банктің қызметі мен дамуына қосқан үлесі үшін алғысымды білдіремін. Онымен 6 жыл бірге қызмет ету нәтижесінде Банк көшбасшылық деңгейге көтерілді».
Е.Б. Тәжіяқов әр жылдары «HSBC Банк Қазақстан» АҚ ЕБ, «Қазақстан Даму Банкі» АҚ, Қазақстан Республикасының Халық Банкі, «Казкоммерцбанк» АҚ, сондай-ақ ұлттық компанияларда басшылық қызметтер атқарды. 2013 жылдан бастап «Цеснабанк» АҚ-та Басқарма Төрағасының орынбасары, Басқарма Төрағасының Бірінші орынбасары, Банктің бас тәуекелдік-менеджері болып қызмет атқарып келді.