Е. Ыбрайымов: Головкин - бокс үшiн жаралған адам

АСТАНА. ҚазАқпарат - Геннадий Головкин пен Бекзат Саттарханов - бокс үшiн жаралған дарын иелерi. Бүгiн Астанада ҚР Бокс федерациясының 2014 жылғы жұмыс қорытындыларына арналған жиыннан соң тiлшiлерге берген сұхбатында 2000 жылғы Олимпиада чемпионы Ермахан Ыбрайымов осындай пiкiр бiлдiрдi.

«Мартин Мюррей - өте мықты боксшы. Оның мықтылығы соншалықты, Головкинге қарсы 2 раунд емес, 4 раунд шыдап бере алады», - дейдi Е. Ыбрайымов. - Көп дегенде 4-5 раунд беремiн. Мен Геннадийдi кезiнде өзiм жаттықтырғанмын, шамасын бiлемiн. Ол жұдырықтасқанда, алдымен қарсыласының осал тұстарын iздейдi. Кейiн, әлсiз жерлерiнен төпелей бередi», - деп атап өттi ол.

Бокс ардагерiнiң сөзiне қарағанда, Головкин - өте дарынды боксшы.

«Ол - бокс үшiн жаралған адам. Бекзат Саттарханов және Геннадий Головкин сияқты тума таланттар миллионда бiр туады(, - дедi Е. Ыбрайымов.