Е.Ыдырысов: Алда өтетін ШЫҰ саммиті өте жақсы нәтижелерге жол ашады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Башқұртстанның Уфа қаласында өтетін саммит сезінерліктей өте жақсы нәтижелерге жол ашады. ҚазАқпарат тілшісіне Мәскеуге Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына қатысу үшін келген Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов осындай пікірімен бөлісті.

«Алдағы саммиттің күн тәртібі аса ауқымды. Уфа саммиті сол қалада өтетін БРИКС саммиті аяқталған соң басталуымен де ерекшеленбек. Ресейлік тараптың бастамасы бойынша БРИКС, ШЫҰ және ЕАЭО көшбасшыларының жаһандық күн тәртібіндегі қауіпсіздік, Еуразия кеңістігінде көліктік-коммуникациялық әлеуетті дамыту тәрізді ең маңызды мәселелер бойынша саяси пікірталасы өтеді», - деп атап өтті ол.

Министр кеңестің болып өткен отырысында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрліктері басшылары тиісті жұмыс атқарғанын атап өтті.

«Алдағы уақытта өтетін Уфа саммитінде күн тәәртібіне Шанхай ынтымақтастық ұйымын кеңейту мәселесі шығарылады. Жалпы алғанда бұл беталыс ешкімді күмәндандырмайды. ШЫҰ-ның құрамына толыққанды мүше ретінде қосылу үдерісінің басталуына алғашқы кандидаттар - Үндістан мен Пәкістан елдері», - деді Е.Ыдырысов.

ҚР сыртқы саяси ведомствосының басшысы Иран, Беларусь елдерінің диалог бойынша серіктестен байқаушы дәрежесіне дейін көтеру өтінімін бергенін айтып өтті. Сондай-ақ Шанхай ынтымақтастық ұйымына диалог бойынша серіктес дәрежесін алуға Әзербайжан мен Армения елдері ниет танытып отыр.

«Бұл ұйымның беделі саяси да, экономикалық да мағынада өсіп келеді. ШЫҰ-мен ынтымақтастыққа және тиісті дәрежені алуға Шри-Ланка, Непал, Мальдив, Сирия және тағы басқа бірқатар елдер қызығушылық танытып отыр. Процедура мәселелері, кезек бар, сондықтан ШЫҰ-ның мүшелігін кеңейту мәселесі Уфа саммитінің маңызды шешімдерінің бірі болып, оны бұл ұйымның бұған дейінгі саммиттерінен ерекше етпек», - деп атап өтті министр.

Е.Ыдырысов Иранның ШЫҰ-ға болуы мүмкін мүшелігі туралы сөз қозғағанда, бұл мәселе әлі талқылану үстінде екенін хабарлады.

«ШЫҰ-ға мүше болу талаптарының бірі - БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі санкцияларының болмауы. Бірақ ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бұл талапты ескере отырып, бірақ болашақта Иранның біздің ұйымымыздағы мүшелігіне бөгет жасамауға келісті», - деп түсіндірді министр.

Е.Ыдырысовтың атап өтуінше, алайда бұл халықаралық келіссөздерге қатысушы «Алтылық» пен Иранның ядролық бағдарламасы бойынша ирандық тараппен болатын келіссөздердің нәтижелеріне байланысты болып отыр.