«Жоғары деңгейдегі делегациялар барыс-келісінің жандануына байланысты әлемнің кейбір сарапшылары біздің өңірдегі қандайда бір «үлкен ойындардың» туындап келе жатқандығын айта бастады. Қытай, Ресей, Түркия, Үндістан, Жапония, АҚШ, Еуропа көшбасшыларының сапары оларда «үлкен ойын» туралы ой туындатып отыр. Осы ретте мен Қазақстанның «үлкен ойын» тұжырымдамасынан түбегейлі бас тартатындығын атап өткім келеді», - деді Е.Ыдырысов.
Оның пайымынша, Қазақстан мен Орталық Азия елдері жетілген ойыншылар және қандай да бір ойындағы «қолбала» емес.
«Қазақстан Еуразияны ынтымақтастықтың, өзар іс-қимыл мен сенімнің үлкен алаңы ретінде қарастырады және біз барлығына да тиімді тұжырымдама ұсындық», - деді министр.