Е. Ыдырысов Ю. Оксамитныйды қызметке тағайындылуымен құттықтып, ЮНИСЕФ-пен жемісті ынтымақтастық жалғасатынына үміт артты. Кездесу барысында Қазақстанның Қорға көрсететін едәуір көмегі және ҚР мемлекеттік органдарының ЮНДАФ-ты және 2010-2015 жылдарға арналған ЮНИСЕФ-пен ынтымақтастық елдік бағдарламасын орындаудағы белсенділігі сөз етілді.
Орталық және Шығыс Еуропа және ТМД елдері үшін ЮНИСЕФ Өңірлік офисінің бөлімшесін Алматыда ашу мәселесі бойынша Женевада алдағы айларда ЮНИСЕФ Өңірлік офисі өкілдерінің консультациясы жоспарланған.
«Орталық Азия елдерімен ықпалдастықты кеңейту, тереңдету - Қазақстан сыртқы саясатының маңызды басымдықтарының бірі. Өңірлік жобалар мен бағдарламаларды БҰҰ бірлесіп құру және жүзеге асыру аймақтық интеграцияны дамытудың маңызды бағытына айналуы керек»,-деді Е. Ыдырысов.