Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметінен хабарлады.
СІМ басшысы Қазақстанның сыртқы саяси бағыты туралы интернет қолданушылар сұрақтарына жауап беріп, ҚР Президенті «2050 - Стратегиясында» алға қойған тапсырмаларды жүзеге асыру барысымен таныстырды. АҚШ, Ресей, Қытай және басқа да Орталық Азия елдерімен қарым-қатынас тақырыбы, Қазақстанның басқа мемлекеттермен халықаралық ұйымдар шеңберіндегі ынтымақтастығы кеңінен ашылды. Е.Ыдырысов өзінің Латын Америка елдеріне сапарында алған әсерлерімен бөлісіп, сапардың негізгі нәтижелері жөнінде, соның ішінде Аргентина, Чили және Бразилия елдерімен визасыз кіріп-шығу туралы келісімдері туралы айтып берді.
Сонымен қатар, сыртқы саяси ведомство басшысы трансшекаралық сулар мәселесін шешуде Сыртқы істер министрлігі қабылдап отырған шараларды түсіндіріп, визалық мәселелер мен ҚР азаматтарының шет елдерде құқықтарын қорғау мәселелеріне ерекше назар аударды.