ЕАДБ делегациясы Азия даму банкі өкілдерімен оның Маниладағы штаб-пәтерінде келіссөздер жүргізді
Кездесу екі ұйымның ынтымақтастығын дамытудың және жобаларды бірлесе қаржыландырудың кең ауқымды мәселелеріне арналды, деп хабарлады ЕАДБ баспасөз қызметі.
Оның нәтижесімен Дели қаласында осы жылғы мамыр айында қол қойылған бірлесе қаржыландыру туралы Негіздемелік келісім негізінде ЕАДБ-пен, ЕурАзЭҚ Дағдарысқа қарсы қоры басқарушы құралдарымен бірлесе қаржыландырылатын жобаларға қатысты АДБ ақпаратының ашықтығын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын, қорғау шаралары саясатын бірлесе қолдану жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.
Сонымен қатар АДБ-нің Орталық Азия бойынша көлік секторы басшысымен кездесу өтті, онда АДБ өкілдері ЕАДБ-ны Орталық-Аиялық аймақтық экономикалық ынтымақтастық (ЦАРЕС) бағдарламасына толыққанды әріптес ретінде қатысуға шақыру және көлік саласында одан әрі ынтымақтасу жөніндегі ниеттері туралы хабардар етті.
ЕАДБ өкілдері АДБ жеке сектор департаменті басшылығымен де кездесіп, «Қырғыз Республикасында агроөнеркәсіп өнімдерінің тауар өткізу жүйесі құрылысы» жобасын бірлесе қаржыландыру туралы мәселені пысықтау басталғаны туралы уағдаласты. АДБ-нің Орталық Азиядағы энергетикалық секторы өкілдерімен кездесуде ЕАДБ-нің Қырғызстандағы Тоқтағұл ЖЭС-ін оңалту жобасына қатысуына қатысты консультациялар жалғастырылды.
АДБ-нің бірлесе қаржыландыру кеңсесі АДБ-нің Директорлар кеңесінің мүшелерімен, басқарушы директорларымен және жоба менеджерлерімен кездесу ұйымдастырды. ЕАДБ делегациясы ЕАДБ және Дағдарысқа қарсы қор желілері бойынша одан әрі ынтымақтастықтың ықтимал бағыттарын ұсынды. ЕАДБ өкілдері 2014 жылғы наурыз айында болатын АДБ-нің жыл сайынғы донорлық конференциясына шақырылды.