«Қазақстанда қалыптасқан жағдайдың маңыздылығын түсіне отырып, біз су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға қолдау көрсету үшін 1 млн АҚШ доллары көлемінде қаржылай көмек жібердік», - деді ЕАДБ Басқарма төрағасы Николай Подгузов.
Сонымен қатар ЕАДБ жыл сайынғы жиналыс пен бизнес-форумды 2024 жылы имидждік оқиғаларды қоспағанда, қысқартылған форматта өткізу туралы шешім қабылдады.