«Осы аптада Астанада Қытаймен сауда-экономикалық келісім туралы және Иранмен еркін сауда аумағын құру туралы уақытша келісімге қол қою жоспарланып отыр. Сонымен бірге, Израиль, Сербия және Сингапурмен артықшылықты бере білер келісімке келу бойынша келіссөздер жалғасып жатыр. Жуық арада Мысыр елі және Үндістанмен осыған ұқсас келіссөздер басталады», - деді Владимир Путин Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында сөйлеген сөзінде.
Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) макроэкономика және интеграция бойынша алқа(министр) мүшесі Татьяна Валовая қазақстандық тілшілерге берген сұхбатында осы келіссөздермен қатар, ЕЭК халықаралық ынтымақтастықтардың кең ауқымды блоктарымен айналысып жатқанын түсіндірді.
«Қазақстан 2016 жылы ЕАЭО-да төрағалық еткенде қазақстандық төрағалықтың басым бағыттарының бірі біздің негізгі сауда-экономикалық серіктестермен қарым-қатынасты дамыту болатын. Бұл міндет - бір жылдың ғана жұмысы емес. Біз оны әрі қарай іске асыруды жалғастырып келеміз. Бұл ретте еркін сауда аумағы жайлы ғана емес, жалпы ахуал тұрғысында айтылып отыр», - деп түсіндірді ол.
Оның айтуынша, ЕАЭО үкіметтермен, халықаралық және аймақтық ұйымдармен 50-ге тарта меморандумға қол қойған.
«Осы келісімдер аясында біздің байланыстарды алға тарта келе, бір мезгілде бірнеше міндеттерді атқарып жатырмыз. ЕАЭО-дағы мемлекеттеріміздің жалпы бизнесі үшін алаң құрылуда. Мәселен, Латын Америкасы. Айтарлықтай қашықтағы және күрделі бизнес десек те, егер байланыстың қосымша мүмкіндіктерін ретке келтіре білсек, әлбетте қызықты жобалар пайда болады», - деді Татьяна Валовая.
Сонымен бірге, Татьяна Валовая әртүріл бизнес-форумдар ұйымдастырылып жатқанын тілге тиек етті.
«Осы форумдар аясында біз ЕАЭО-ның мүмкіндіктері туралы айтуға мүмкіндік аламыз. Біздің шетелдегі серіктестерімізде Еуразиялық экономикалық одақ туралы жеткілікті мәлімет жоқ. Мәселен, оларға ішкі шекарасыз экономикалық одақтың бары әлбетте қызықты. Түптеп келгенде, мәселен олар Қазақстанмен инвестиция немесе сауда тұрғысында қандай да бір қарым-қатынасты дамыта отырып, Еуразиялық экономикалық одаққа кіре алады», - деді ол.
Айта кетейік, Ресейдің Сочи қаласында мемлекет басшыларының қатысуымен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің (ЖЕЭК) кезекті отырысы өтуде. Шараға Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Ресей басшысы Владимир Путин, Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков, Беларусь басшысы Александр Лукашенко және Армения Премьер-Министрі Никол Пашинян қатысуда. Басқосуда Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) аясындағы көпбағытты ынтымақтастықтың түрлі аспектілері, ұйымның ұйымдастыру-кадрлық бағыттағы шаралары мен ағымдағы жұмыс барысы сөз болады деп күтіледі. Күн тәртібіне 15 мәселе қойылған. Олардың екеуі шағын құрамда қаралады.
Фото: kremlin.ru