"Бірыңғай көлік кеңістігін құру тұрғысында әуе көлігі саласында "Жол картасы" қабылданады. Бұл өз кезегінде әуе сапарлары мен әуежайларда тарифтерді теңестіруге мүмкіндік береді", - деді Д. Медведев.
Бұдан бөлек ол ЕАЭО мен өзге де интеграциялық бірлестіктердің, оның ішінде ТМД аясындағы ынтымақтастық мәселелеріне тоқталды.
"ЕАЭО шараларына ТМД өкілдерін шақыртылуы маңызды. Осы орайда сауда-саттық келіссөздерін белсенді жүргізе отырып, серіктестік байланыстарды нығайту жұмыстарын жалғастырған жөн", - деді ол.
Сонымен қатар РФ Үкіметінің төрағасы алдағы жылы Ресей тарапы ЕАЭО-да төрағалық қызметін өзіне алатынын еске салып өтті. Бүгінде төрағалықтың басым бағыттары айқындалуда.
"Соңғы екі жылда нормативтік-құқықтық салада елеулі жұмыстар іске асырылды. Төрағалық аясында ағымдағы тақырыптарға, сондай-ақ болашаққа негізделген стратегиялық мәселелерге назар аударатын боламыз. Бұл ретте экспорт пен инвестициялық климатты қолдау, еңбек стандарттары, серіктестермен өзара іс-қимылды күшейту бағыттарына ерекше мән беріледі", - деп түйіндеді сөзін Д. Медведев.