«Ең маңыздысы – интеграция аясында шешім қабылдау механизміне қол жеткіздік. Шешім бірауыздан қабылдануы керек: егер елдердің бірі қарсы болса шешімге қолдау болмайды және қабылданбайды», -деп мәлімдеді Руслан Сұлтанов.
Оның айтуынша, бұл - әр елдің мүддесін қорғайтын маңызды фактор.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауылшаруашылығы саласындағы өнім өндірушілермен кездесіп, жақында Мәскеуде өткен саммитті қорытындылап, ЕАЭО қызметінің негізгі бағыттарын айқындап берді.