Оны құру туралы меморандумға Бүкіләлемдік армян зергерлері қауымдастығы, Қазақстанның зергерлер лигасы, Қырғызстан зергерлері мен кәсіпкерлері одағы және «Ресей зергерлер гильдиясының» басшылары қол қойды, деп хабарлады mir24.tv. Құжатқа қол қою рәсімі осы күндері Ереванда өтіп жатқан CIBJO Бүкіләлемдік зергерлер конфедерациясының конгресінде жүзеге асты.
Шартқа сәйкес, одақтың негізгі мақсаты - зергерлік салада жұмыс істейтін кәсіпорындардың мүдделерін қорғау, сонымен қатар, зергерлік нарықтағы ортақ мәселелерді шешу үшін ЕАЭО мемлекеттерінің зергерлік қоғамдастықтарының күш-жігерін үйлестіру.