Ұйымға мүше елдердің ұлттық статистика қызметінің мәліметтерінше, Беларусьта оның өсімі 2016 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 9,5 процентті құраған (Бұл ЕАЭО-ға мүше елдер арасындағы үздік көрсеткіш), Ресейде ол 7,2%, Қырғызстанда - 5,5%, Қазақтанда - 5,1%, Арменияда - 1,3% болды.
Орташа айлық номиналды жалақы АҚШ долларына шаққанда өткен жартыжылдықта Ресейде - 666 долларды, Қазақстанда - 455, Беларусьта - 405, Арменияда - 387, Қырғызстанда 209 долларды құрады.
Тауарлар мен қызметтерге деген тұтынушыларға арналған бағамен есептегенде нақты жалақы Беларусьта 2,3%-ке, Қырғызстанда (қаңтар мен май аралығында) 3%-ке, Ресейде 2,7%-ке ұлғайды.