ЕАЭО елдеріндегі мемлекеттік сатып алуларды цифрландыру шараларының тізбесі бекітілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының өкімімен Еуразиялық экономикалық одақ елдеріндегі мемлекеттік сатып алуды толық цифрландыру жөніндегі шаралар тізбесі бекітілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ЕЭК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарын, сондай-ақ қатысушы елдер экономикаларының тұрақтылығын арттыру жөніндегі шаралар тізбесін іске асыру шеңберінде қаралды. ЕЭК бекіткен құжат электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, электрондық форматта сатып алудың барлық бәсекелес рәсімдерін жүргізу үшін құқықтық негіз қалыптастыруға байланысты мәселелерді пысықтауды, сондай-ақ осындай рәсімдерді өткізу мерзімдерін қысқартуды көздейді», - деп түсіндірді ЕЭК.

ЕЭК-тің бәсекелестік және антимонополияны реттеу жөніндегі министрі Арман Шаққалиевтің айтуынша, құжат мемлекеттік сатып алуға қатысушылар арасында адал бәсекелестікті қамтамасыз етеді.