ЕАЭО елдерінің азаматтары еңбек өтілі мен зейнетақаны жолғалтпастан жұмыс істейді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үкімет басшылары ЕАЭО елдерінде жұмыс істейтіндерді зейнетақымен қамтамасыз ету туралы құжаттың жобасын талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Бізде еңбек ресурстары бойынша ортақ нарықтың мәселелері соңына дейін шешілмеді. Зейнетақымен қамтамасыз ету туралы келісім шағын құрамдағы отырыста талқыланды. Ұлттық деңгейде бізде біліктілікті мойындау бойынша проблемалары туындады, яғни бұл жүргізушілік куәліктер мәселесіне қатысты болды. Менің ойымша, айтылған пікірлерді ескере отырып, жақын арада тиісті шешім қабылданады", - деді ҚР Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысында.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерінде жұмыс істейтіндерді зейнетақымен қамтамасыз ету туралы келісімнің жобасын уағдаласу барысы жайында комиссияның ақпаратын баяндау жоспарланған.

Жоба авторларының айтуынша, аталған құжат зейнеткерлік қамту саласында тең құқықты қамтамасыз етуге бағытталған. Келісім күшіне енгеннен кейін, ЕАЭО-ның кез келген елінде (ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттің аумағында жұмыс істеу барысында) еңбек өтілі мен зейнетақаны жолғалтпастан, жұмыс істеу мүмкіндігі іске асырылады