ЕАЭО еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісім ратификацияланды
20:48, 07 Желтоқсан 2020
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.
Заң мәтіні баспасөз беттерінде жарияланады.