ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер басшылары Еуразия экономикалық форумы аясындағы көрмені тамашалады

АСТАНА. KAZINFORM — Форумда Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан президенттері мен делегация жетекшілерінің назарына озық технологиялық және цифрлық шешімдер көрмесі, сондай-ақ Халықаралық Alem.ai жасанды интеллект орталығының мүмкіндіктері ұсынылды. Бұл туралы Ақорда мәлім етті.

Фото: Ақорда

Мәртебелі меймандар жасанды интеллект музейінің жәдігерлерімен және ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің стендтерімен танысты. Қазақстан тарапы цифрландыру мен жасанды интеллект саласындағы негізгі бастамаларын, соның ішінде Astana Smart City, Alem GPT, Smart Data Finance, Smart Cargo Keden және басқа да жобаларын көрсетті.

Еске сала кетейік, бүгін елордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен V Еуразиялық экономикалық форумның (ЕЭФ-2026) пленарлық отырысы өтті.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда