ЕАЭО елдеріне экспорт 5 430,1 млн АҚШ долларын (36,8% көп) құраса, импорт 8 413 млн АҚШ доллары (9,9% аз) болды.
Сауда айналымының жалпы көлемінде елдер үлесі: Армения – 0,2%, Беларусь – 3,3%, Қырғызстан – 4,6%, Ресей Федерациясы – 91,9%.
Экспорт құрылымындағы ең жоғары үлес машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, аспаптар мен аппараттарға тиесілі – 28,1%, одан кейін химия және онымен байланысты өнеркәсіп салаларының өнімдері – 25,5%.
ЕАЭО елдерінен Қазақстанға әкелінетін импорт құрылымында мал және өсімдік өнімдері, дайын азық-түлік тауарлары басым – 20%, металдар мен олардан жасалған бұйымдар үлесі – 18,9%, сондай-ақ машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, аспаптар мен аппараттар бойынша – 18%.