ЕАЭО Кеден кодексі - Одақтың нормативтік-құқықтық базасының негізгі құжаттарының бірі болып табылады. Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісімшартта кедендік бақылаудың ЕАЭО Кеден кодексіне сәйкес жүзеге асырылатыны көрсетілген. Ол экономикалық интеграцияның бастапқы кезеңіндегі құқықтық базаны - Кеден одағы және Біртұтас экономикалық кеңістікті қалыптастыру барысында қол қойылған кедендік бақылау мәселелері жөніндегі халықаралық келісімдер мен Кеден Одағының қазіргі Кеден кодексін алмастырады.
ЕАЭО Кеден кодексі Одақтағы кедендік бақылау келісімділігі мен унификациясының деңгейін көтереді.
«Енді көптеген үрдістер автоматтандырылады, - деп есептейді Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Тигран Саркисян.
«Кәсіпкерлер мен кеденшілердің қарым-қатынасы жақсара түседі. Біздің бизнес өкілдеріміз бұл құжатты асыға күтті. Кеден кодексі күшіне енгеннен кейін, ЕАЭО-дағы бизнес-климаттың жақсара түсетінінен үміттенеміз».
17:30, 13 Сәуір 2017
ЕАЭО Кеден кодексі туралы келісімшартты ратификациялауды бастады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 11 сәуір күні Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы келісімшартына қол қою кезеңі аяқталды. ЕАЭО елдері құжатты ратификациялауға бағытталған мемлекетішілік рәсімдерге кіріседі. Жаңа Кеден кодексі Еуразиялық экономикалық комиссия барлық бес қатысушы мемлекеттен Келісімшартты ратификациялау туралы хабарламаны алғаннан кейін күшіне енеді, деп хабарлады ЕЭК.