«Бүгінгі таңда біз (ЕАЭО туралы келісім-шарттың) негізгі бағыттары бойынша кезеңділік және өзара тиімді экономикалық ынтымақтастық негізінде интеграциялық процестерді дамыту қажеттігі туралы жалпы түсінік бар деп айта аламыз», - деді Б. Сағынтаев.
Сонымен бірге, ол отырыстың қатысушылары келісім-шарттың функционалды бөлігі, сауда саясаты туралы ереже, салық саясаты, қаржы секторы, агроөнеркәсіптік кешен, өнеркәсіптік саясат туралы мәселелер жан-жақты талқылағанын атап өтті.
«Сарапшылар арасында келіспеушілік тудырған сауалдарды кеңес деңгейінде бұл мәселелерді талқылай бастадық», - деп толықтырды Б. Сағынтаев.