ЕАЭО мен Моңғолия арасындағы сауда келісімі заңмен бекітілді

Фото: Ақорда

АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекет басшысы Моңғолиямен сауда туралы келісімді ратификациялау заңына қол қойды. Бұл туралы Ақорда мәлім етті. 

— Мемлекет басшысы «Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Моңғолия арасындағы уақытша сауда келісімін ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, — делінген хабарламада.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Айта кетейік, Үкімет пен ОРЕС Халықаралық даму қоры арасындағы келісім ратификацияланды.