Еркін сауда аймағы (ЕСТ) туралы келісім жасау туралы келіссөздерге дайындық жұмыстарының нәтижесі, сондай-ақ 2017 жылдың 21 желтоқсанында болған Еуразиялық экономикалық одақ пен Египет делегациялары техникалық консультацияларының нәтижелері талқыланды.
Тарек Кабиль Одақпен алдағы келіссөздердің Египет үшін маңызды екендігін атап өтіп, келісімге жуық арады қол қойылатындығына сенім білдірді.
Вероника Никишина өз тарапынан ЕАЭО сауда серіктестері арасындағы Египеттің маңызды орнын атап өтті.
Министрлер биыл күзде келісімдер бойынша келіссөздердің кең форматты кезеңін өткізуге уағдаласты.