ЕАЭО іскерлік кеңесінің президенті Виктор Христенко экономиканың цифрлық тасымалдау еуразиялық күн тәртібіне былтырғы жылдың соңында, мемлекет басшылары бұл мәселені Одақтың дамуы жолындағы басты мәселе ретінде қарастыру жөнінде шешім қабылдаған тұста енгендігін атап өтті. Бұл ретте Еуразиялық экономикалық комиссияға өз бетінше цифрлық стратегияны әзірлеу құзыры берілді. Ол сонымен қатар, цифрландыру мәселесі бизнес саласында ғана емес, ұлттық органдардан жоғары органдар үшін де маңыздылыққа ие болғандығын атап өтті.
ЕАЭО іскерлік кеңесінің алқасы отырысында Цифрлық жүйе комитетінің ережелерін бекіту және төрағасын сайлау мәселесі шешілді. ЕАЭО ІК президенті бұл орынға ЕЭК қызметі және ЕАЭО-ның консультациялық кеңесіндегі белсенді ұстанымдарын ескере отыры, «ең лайықты үміткер» ретінде «Инфопарк» ғылыми-технологиялық қауымдастығының бас директоры Владимир Баськоны ұсынды. Қазіргі уақытта тараптар комитет жұмысына үміткерлер тізімін жасап жатыр.