«Одақтың кіріктірілген ақпараттық жүйесін іске қосу бойынша жұмысты айтарлықтай жандандыру қажет. Жүйе мәліметтер мен электрондық құжаттарды мемлекетаралық алмасуды, ортақ ақпараттық ресурстарды құруды қамтамасыз етуге арналған», - деді Мемлекет басшысы.
ҚР Президентінің атап өтуінше, 2015 жылдан бері орталыққа 88 процестің тек 19-ы немесе 21 пайызы ғана енгізіліп отыр.
«Цифрландыру - елдеріміздің мемлекеттік органдарының өзара іс-қимылының басты аспектісі, бизнес-процестерді жеңілдетуге, өзара тауар айналымын арттыруға, бизнеске әкімшілік жүктемелерді төмендетуге септігін тигізеді», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.