ЕАЭО-ның тағам қоспалары бойынша техрегламенттері өзгерді

МӘСКЕУ. ҚазАқпарат – Мәскеуде Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) кезекті мәжілісінің қорытындысы бойынша, «Тағам қоспалары, ароматизаторлар, технологиялық қосымша құралдар қауіпсіздігінің талаптары» техникалық регламентіне өзгерістер енгізілді.

Бұл туралы брифинг барысында ЕЭК-ның ресми өкілі Ия Малкина мәлім етті, деп хабарайды ҚазАқпарат.

«Өзгерістерді ҚР Денсаулық сақтау министрлігі осы сала бойынша халықаралық заңнамаға енгізілетін өзгерістер негізінде дайындады. Құжат техрегламенттің 5 бөлімі мен оған 29 қосымшаны белсенді іске асыруды көздейді»,-деді И.Малкина.

Енгізілетін өзгерістер:

- Рұқсат етілген тағам қоспалары тізімінен қажет болмай қалған 19 түрін алып тастауды және өзге 6 қосымша енгізуді;

- Ферментті препараттар мен дәмдеуіштер тізімін кеңейтуді;

- Жекелеген тағам қоспаларын қолдану ісін түзеу, қазіргі заманға талаптарына сай жекелеген тағам өнімдерінің атауларын редакциялауды көздейді.

«Өзгерістер ресми түрде жарияланғаннан кейін 180 күнтізбелік күн ішінде күшіне енеді»,- деп түсіндірді ЕЭК ресми өкілі.

Сондай-ақ осы өзгерістерді іске қосу тәртібі туралы Алқа шешімінің жобасы дайындалды. Оған сәйкес, жаңа өзгерістерге біртіндеп көшуге 18 ай және маркировкаға қатысты талаптарға көшуге 36 ай қарстырылған. Құжат тиісті тәртіпте қаралады.

Мәжілісте Қазақстан тарапына ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин басқарды.

Нарынбек Ысмағұлов