«Мен көпвекторлы саясат, Қазақстанның сыртқы саясаттағы мүдделердің тепе-теңдігін сақтау жөніндегі көзқарасы сол қалпында қалатындығын атап өткім келеді. Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қойғанымыз көпвекторлы саясаттан бас тартады деген сөз емес», - деді мәжілісмен.
Оның айтуынша, сауда-саттық айналымы 50 млрд. доллардан асатын Еуроодақ елдері арасындағы қарым-қатынастар одан әрі тереңдетіле беретін болады. Сонымен қатар шығыс мемлекеттерімен, оның ішінде Қытай елімен арадағы байланыстар басты назарда болады.