«Комиссия ЕАЭО-қа мүше-мемлекеттермен қатар тұтынушылардың құқығын қорғап, өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, ісін адал атқаратын өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігі мен халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін барлық жағдайды жасайды. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы аясында жиналған мол тәжірибе - еуразиялық форматта тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың негізі екені белгілі», - деді Валерий Корешков.
Оның айтуынша, бірыңғай қызметтер нарығында тұтынушылардың құқықтарын қамтамасыз ету үшін барлығына бірдей жағдай жасау - Одаққа мүше елдердің бірігіп әрекет ету жолындағы келесі кезең болмақ. Аталған жұмыстар ТМД елдерінің салалық ынтымақтастық органының тәжірибесін есепке ала отырып атқарылатын болады.