Earth, Wind & Fire тобының негізін қалаушы Морис Уайт қайтыс болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық Earth, Wind & Fire диско-тобының негізін қалаушы Морис Уайт Лос-Анджелесте ұзақ меңдеген сырқатынан кейін көз жұмды, деп хабарлады оның інісі Вердайн Уайт өзінің Фейсбуктегі парақшасында.

74 жастағы Морис Уайт Паркинсон сырқатына шалдыққан және көптен бері ұжым концертіне қатыспаған.
1969 жылы құрылған топтың хиттерінің арасында Shining Star, September және Boogie Wonderland әндері бар. Соңғы әні саундтрек ретінде көптеген теле және кино фильмдерде орындалған.
Күллі әлем бойынша Earth, Wind & Fire альбомдарының 90 млн астам көшірмелері сатылған.